Папа Франциск Қазақстанда
Азаматтық және шіркеу билігінің шақыртуын қабылдай отырып, Папа Франциск Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Көшбасшыларының VII Cъезіне орай, Нұр-Сұлтан қаласына барып, ағымдағы жылғы 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстанға Апостолдық Саяхат жасайды.
ІС-ШАРАЛАР
Папа Францисктің Қазақстанға Апостолдық Сапарының Бағдарламасы
13 Қыркүйек, сейсенбі
07:15 — Римнен ұшақпен ұшу / Фьюмичино Халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтанға
17:45 — Нұр-Сұлтан Халықаралық әуежайына қону
17:45 — Ресми қарсы алу
18:30 — Нұр-Сұлтандағы Президент Сарайында қарсы алу салтанаты
18:45 — Республика Президентімен ізеттілік жолығысу
19:30 — «Қазақстан» концерт залында билік, қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу — Қасиетті Әкенің Үндеуі
14 қыркүйек, сәрсенбі
10:00 — Діни көшбасшылармен бірге тыныштықтағы дұға.
Бейбітшілік және келісім сарайында «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің» ашылуы мен пленарлық отырысы — Қасиетті Әкенің Үндеуі
12:00 — Бейбітшілік және келісім сарайында әртүрлі діни көшбасшылармен жеке кездесулер
16:45 — «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығы аумағы алаңындағы Қасиетті Месса-Қасиетті Әкенің уағызы
15 қыркүйек, бейсенбі
09:00 — Иса Қоғамының мүшелерімен Апостолдық Нунциатурада жеке кездесу
10:30 — Епископтармен, қасиеткерлермен, диакондармен, монахтық жолдағылармен, семинаршылармен және шіркеу қызметкерлерімен Құдай Анасының Қалтқысыз Көмегі Кафедралдық Соборында кездесу-Қасиетті Әкенің Үндеуі
15:00 — Бейбітшілік және келісім сарайында Қорытынды декларацияның жариялануы және Конгрестің жабылуы-Қасиетті Әкенің Үндеуі
16:15 — Нұр-Сұлтан Халықаралық әуежайында қоштасу рәсімі
16:45 — Нұр-Сұлтан Халықаралық әуежайынан Римге ұшу
20:15 — Римге қону / Фьюмичино Халықаралық әуежайы
Жиі қойылатын сұрақтарға жауап
Бұл бөлімдегі ақпарат үнемі жаңартылып отырады
Рим Папасы Францисктің Қазақстанға Сапары аясында тек бір ғана көпшілікке арналған іс-шара жоспарлануда: 14 қыркүйекте сағат 16:45-те Рим Папасы дінбасылармен бірге Қасиетті Мессаны атқарады, оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады (белгілі бір шарттарды орындауы және арнайы билеттің иесі болуы қажет). Қауіпсіздік және шектеулі кеңістік талаптарына сәйкес басқа іс-шараларға тек мақсатты аудиторияға жататын дамдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері жіберіледі(аккредиттеу талап етіледі)
Тұрғылықты жеріне қарамастан, Католик Шіркеуінің сенушілері өздерінің немесе жақын приходтың басшысына (қасиеткерге) Папа Францискпен өтетін Қасиетті Мессаға қатысуға ниет білдіргені туралы хабарлауы керек. Ол сіздің деректеріңізді тізімге енгізеді және қатысу ережелерін түсіндіреді. Нұр-Сұлтан қаласына келмес бұрын, сізде және топтың әр мүшесінде арнайы билет бар екеніне көз жеткізіңіз (оны діни қызметкерден алуға болады). Католиктерге арналған секторға кіру (отыру орындары және Месса кезінде Қасиетті Қастынасуды қабылдау мүмкіндігі бар) тек билетіңіз бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Діні немесе конфессиясына қарамастан, адамдар Қасиетті Мессаға (Құдайға құлшылық етуге) шақырылады. Отыратын орындары бар секторға кіру үшін жақын жердегі католик приходында алдын ала тіркелу және арнайы билет (рұқсаттама) алу қажет (мекенжайлар мен телефондарды Қазақстанның Католик Шіркеуінің ресми сайтынан табасыздар, кейіннен ақпарат осы сайтта да пайда болады).
Рим Папасының қатысуымен өтетін көпшілік іс-шара кезінде келесі Ережелерді сақтау қажет:
— Аумаққа мас күйінде кіруге тыйым салынады;
— Аумақта темекі шегуге тыйым салынады;
— Спирттік ішімдіктер мен тамақ өнімдерін, қару мен оқ-дәрілердің кез келген түрін, шанышпалы және кесетін заттарды, өрт қауіпті заттарды алып өту, лазерлік құрылғыларға қатаң тыйым салынады (әр секторда ауыз суға қолжетімділік қамтамасыз етіледі);
— Мүмкіндігінше жеке автокөлікпен жүруден бас тартуды сұраймыз (арнайы тегін автобустар ұйымдастырылады, олар қатысушыларды іс-шара өтетін жерге жеткізеді);
— Әдепсіз және ашық-шашық киім киюден бас тартуды сұраймыз;
— Арандатудың, қорлаудың, кез-келген ұрандарының (транспоранттар) көріністеріне және басқа да арандатушылық әрекет түрлеріне тыйым салынады;
— Билетте көрсетілген өз секторыңыздан тыс жерге көшуге тыйым салынады. Іс-шара басталғаннан кейін, одан шыққан болсаңыз қайта кіру мүмкіндігі болмайды;
— Іс-шараны өткізу аймағына рұқсатсыз кіруге тыйым салынады;
— Рим Папасы Францисктің папамобильде өтуі кезінде сығылысу және басқа төтенше жағдайлардың болмауы үшін барынша ұстамды болуға шақырамыз;
— Қасиетті Қатынасу тек католиктер секторына ғана таратылады.
Папа Франциск 14 қыркүйекте сағат 16:45-те «EXPO»Халықаралық Көрме Орталығының аумағында (Nur Alem павильонының алдындағы алаң, стелланың жанында) халықпен Қасиетті Мессаны (Құдайға құлшылық ету) атқарады. Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, B1. Толық карта және орынға өту туралы ақпарат кейінірек қолжетімді болады.
Ия, барлық қатысушылар тіркеліп, Құдайға құлшылыққа қатысу үшін билетті мүлдем тегін ала алады. Билеттерді сатуға және қайта сатуға тыйым салынады!